Пресс-релизы KZ

Business Technology Expo 2026: Бизнесті цифрландыру саласындағы жетекші іс-шараға қатысу үшін стендтерді брондау ашық

2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында бизнес-процестерді автоматтандыру мен цифрландыруға арналған Business Technology Expo халықаралық форум-көрмесі өтеді.

2026 жылға арналған стендтерді осы сілтеме арқылы брондауға болады.

Business Technology Expo – бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы сала мамандарына арналған ең ірі оқиғалардың бірі, мұнда іскерлік байланыстар орнатылады, трендтер талқыланып, серіктестіктер қалыптасады.
Экспозицияның тақырыптық бөлімдері:

Data Analytics & FinTech

Бизнес-процестерді автоматтандыру

Бұлтты шешімдер

Бизнесті ілгерілету және сатуды арттыру құралдары

IT және Жасанды Интеллект

Цифрлық технологиялар, құралдар және әзірлемелер

Кімге қатысу маңызды?

Біз бизнесті цифрландыру, бұлтты сервистер, автоматтандыру платформалары, маркетингтік және қаржылық технологиялар, Data Science, AI және Big Data салаларындағы шешімдерді ұсынатын өндірушілер мен жеткізушілерді көрмеге қатысуға шақырамыз.

2025 жылғы қатысушылар қатарында: Bitrix24, Wazzup, Only Office, iMas, CartaMe, wynENTERPRISE, Jabra, ChatApp және басқа да отандық және шетелдік компаниялар өздерінің технологиялық әлеуеті мен экспорттық мүмкіндіктерін көрсетті.

Үш күн ішінде ондаған нәтижелі кездесу мен келіссөздер өтті — бұл болашақ серіктестіктер мен келісімшарттардың негізін қалады.

Деловая программа

Business Technology Expo көрмесінің іскерлік бағдарламасы – бұл трендтер мен саланың даму бағытын айқындайтын басты элемент. Ол қатысушылар үшін іс-шараның құндылығын арттырады.

Күтілетін конференциялар:

BT Marketing Conference — маркетинг технологиялары саласындағы жыл сайынғы конференция, индустрия көшбасшылары мен сарапшылар маркетинг пен сатудағы соңғы трендтерді талқылайды.

BT Цифрлық трансформация — бизнестегі цифрлық технологияларды енгізудің практикалық аспектілеріне арналған негізгі конференция алаңы.

BT DataScience — мәліметтермен жұмыс істеу, Big Data және AI шешімдерін қолдану бойынша тәжірибелік конференция.

Stage — көрменің орталық сахнасы, мұнда сала сарапшылары, инноваторлар және көшбасшылар тәжірибе, білім және жаңа трендтермен бөліседі.

Экспоненттер үшін мүмкіндіктер

Business Technology Expo көрмесіне қатысу сізге мүмкіндік береді:

Өз шешімдеріңізді нақты мақсатты аудитория алдында көрсету және оның артықшылықтарын талқылау

Клиенттер мен серіктестермен пайдалы байланыстар орнатып, іскерлік желіні кеңейту

Сала мамандарымен тәжірибе алмасу және соңғы трендтерден хабардар болу

Өтетін орны

Көрме Астананың дәл ортасында орналасқан «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында өтеді.

EXPO ХКО — Business Technology Expo секілді ірі шараларды өткізуге арналған әлемдік деңгейдегі заманауи инфрақұрылымы бар алаң.

Ұйымдастырушы

Көрмені ұйымдастырушы — Astana Expo компаниясы. Ол Қазақстан мен Орталық Азияда 20 жылдан астам уақыт бойы салалық көрмелер ұйымдастырып келеді және Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) мүшесі болып табылады.

Байланыс:

Қатысу бойынша (компанияларға арналған):
Ерғанат Жүсіпов
📞 +7 7172 64 23 23 (ішкі 202)
📧 zy@astana-expo.com

Маркетинг және PR мәселелері бойынша:
Айгерім Мендибаева
📞 +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
📧 ma@astana-expo.com
2025-12-15 11:03