Business Technology Expo 2025 қорытындысы: Қазақстандағы цифрландырудың даму бағытын айқындаған үш күн
Астанада бизнеске арналған автоматтандыру және технологиялар жөніндегі халықаралық көрме Business Technology Expo 2025 өз жұмысын аяқтады. Бұл іс-шара саланың мамандары мен көшбасшылары үшін басты оқиғаға айналды.
Business Technology Expo 2025 қазіргі жағдайды көрсетіп қана қоймай, жаңа технологиялық шынайылық жағдайындағы дамудың стратегиялық бағдарларын айқындады.
2025 жылғы 1-3 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында көрменің келесі тақырыптық бөлімдері бойынша 16 компания өз шешімдерін ұсынды: Data Analytics, бизнесті ілгерілету және сатуды арттыру құралдары, бизнес-процестерді автоматтандыру, IT және жасанды интеллект, бизнес-процестерді оңтайландыруға арналған цифрлық технологиялар.
Көшбасшылар – қатысушылар қатарында
Көрмеге Қазақстан мен 12 шет елден келген цифрлық жүйе әзірлеушілер мен вендорлар қатысты. Олар қатарында: Битрикс24, Цифровой поток – Инновации, ChatApp, PBSOFT, RBCGroup, Luna8, OnlyOffice, NorsecTech, wynENTERPRISE, iMAS GROUP, aiokk.io, Wazzup, Vlife Club және т.б.
Bitrix24 – кез келген ауқымдағы компаниялар үшін бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін әмбебап цифрлық платформа.
Евгения Бакирова, Bitrix24 компаниясының маркетинг директоры: “Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, біз бұл көрмеге үнемі қатысып келеміз. Мұндай іс-шараларда компаниялар өзара тәжірибе алмасып, жаңа серіктестермен таныса алады. Біз екі күн ішінде көптеген әлеуетті клиенттермен сөйлестік, келушілер өте көп. Көрме өте жарқын әрі үйлесімді өтуде.”
OnlyOffice – жасанды интеллектпен үйлесетін кеңсе бағдарламалары мен кросс-платформалық шешімдерге арналған құжаттармен бірлесіп жұмыс істеу жүйесін ұсынды.
Сергей Зарубин, OnlyOffice компаниясының аға маркетинг және коммуникация менеджері: “Көрменің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде. Ең бастысы — келушілер нақты қандай мәселелері барын және қандай шешімдер қажет екенін анық біледі. Деловая программа өте пайдалы болды — кәсіби пікірлермен бөлісуге мүмкіндік туды.”
ChatApp – әлеуметтік желілерді, маркетплейстер мен мессенджерлерді бір терезе арқылы байланыстыратын және чат-боттармен толықтырылған платформа.
Евгений Вакула, ChatApp маркетинг бөлімінің басшысы: “Керемет көрме, стендке қонақтар көп келіп жатыр, тіпті шетелдіктер де бар. Біз толық команданы алып келдік, CEO-мыз тікелей іскер қонақтармен жұмыс істеуде. Біз нақты қандай қажеттіліктер барын көріп отырмыз. 150-ден астам мақсатты байланыс алдық. Алдағы уақытта да қатысуды жоспарлап отырмыз.”
Статистика мен коммерциялық нәтижелер
Қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері:
60% — көрмеге жыл сайын жаңа клиенттер мен серіктестер табу үшін қатысады.
Келушілер мен коммерциялық әлеует
Көрмені 2025 жылы 4 540 кәсіби маман (Қазақстанның 30 қаласы мен 12 елден) тамашалады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық.
Келушілердің құрылымы:
81% – бұл бөлім басшылары, компания иелері және сатып алу шешімдерін қабылдайтын тұлғалар.
Бұл көрмені келісімшарттар жасасуға арналған жоғары коммерциялық алаң ретінде көрсетеді.
Келушілер арасында жүргізілген сауалнама:
65% көрмені саланың беделді іс-шарасы деп санайды;
80% өздерінің қатысуын «өте тиімді» деп бағалады;
27% келуші 5 млн-нан 50 млн теңгеге дейінгі мәмілелер жасасты.
Деловая программа және конференциялар
Business Technology Expo — цифрландыру саласындағы трендтер мен шешімдер талқыланатын, сараптамалық пікірлер тоғысатын жетекші платформа.
Конференциялар:
BT Marketing Conference
Маркетинг және сатуды цифрлық технологиялар арқылы дамытуға арналған жыл сайынғы конференция. Серіктес: Astana Marketing Club Спикерлер: Айнель Рымбаева (iMAS GROUP), Антон Ким (Forte Bank), Амир Максутов (Factum), Нурлан Батыров және т.б.
BT DataScience
Big Data, Machine Learning және деректерге негізделген шешімдер бойынша сараптамалық талқылаулар. Серіктес: PwC Спикерлер: Роман Машчык (Halyk Bank), Айжан Оралбекқызы (Microsoft), Рауль Линдт (Citix), Жулдыз-Жан Сагимбаев (Cerebra) және т.б.
BT Цифровая трансформация: от идеи к результату
Цифрлық технологияларды бизнес-процестерге енгізу бойынша нақты кейстер мен стратегиялар. Спикерлер: Жанна Сыздыкова (CLEVER Market), Азиза Шужеева (TechnoWomen), Евгения Бакирова (Bitrix24) және т.б.
Stage
Көрменің басты алаңы, мұнда саланың сарапшылары, инноваторлар және көшбасшылар тәжірибе, білім және трендтермен бөлісті.
Ұйымдастырушылар мен серіктестер
Ұйымдастырушы: Astana Expo — 20 жылдық тәжірибесі бар, Орталық Азиядағы жетекші көрме ұйымдастырушысы. UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығы) мүшесі.
Стратегиялық серіктес: Kaspersky — киберқауіпсіздік шешімдері бойынша халықаралық көшбасшы.
Ақпараттық серіктестер: Visit Astana, Digital Business, Bluescreen, Kursiv, TheTech