Пресс-релизы KZ

Business Technology Expo 2024 форум-көрмесінің қорытындылары!

2024 жылғы 3-5 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында II Халықаралық бизнес технологиялар форум-көрмесі Business Technology Expo 2024 өтті және ол Қазақстан мен Орталық Азиядағы салалық мамандар үшін маңызды оқиғаға айналды.

Биыл Business Technology Expo көрмесінде 5 тақырыптық бөлім бойынша 25 экспонент өз шешімдерін ұсынды: Marketing&Sales, Бұлттық және IT-шешімдер, RetailTech, HRTech, FinTech.

Көрме экспозициясының көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті және тауар санаттары мен қатысушы компаниялардың әртүрлілігімен ерекшеленді. Қатысушылар арасында: Digital Pill, X-Partners, Altel Business, Wazzup, API Yandex Maps, AKASHI Data Center PLC, Digital Flow - Innovations, LLP, Bitrix24, MyBPM, Turan Soft, Qubit Technology, TAKOPI Kazakhstan және басқа да көптеген компаниялар болды.

"Сибирская студия разработчиков" компаниясының өкілдері бизнеске, компания жұмысына және ұйымдардың бағдарламалық өнімдеріне жасанды интеллектті қалай енгізу керектігін іс жүзінде көрсетті. Компания веб-сайттарды әзірлеу және қолдау, жаңа бағдарламалық өнімдерді жасау және енгізу саласында жұмыс істейді және көрмеде бағдарламалық жасақтама мен жасанды интеллект саласындағы соңғы әзірлемелерді таныстырды.

"Цифровой поток - Инновации" компаниясы деректерді шифрлау алгоритмдерін әзірлеуді қоса алғанда, ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ететін шешімдерді ұсынды. Компания 2000 жылдан бері Қазақстан Республикасында сертификатталған KAZTOKEN кілттік ақпарат сақтау құрылғыларын шығаратын және ақпаратты қорғау бойынша бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеумен айналысады. KAZTOKEN — Қазақстандағы электрондық цифрлық қолтаңба үшін ең қорғалған тасымалдаушы болып табылады. Құрылғының теңдессіз сапасы мен кәсіби техникалық қолдауы өнімнің ерекше артықшылықтары болып саналады.

Bitrix24 компаниясы компания жұмысын автоматтандыруға арналған толық құралдар жиынтығын ұсынды. Оның қызметіне тапсырмаларды орындауды бақылау, ішкі мессенджер мен бейнеқоңыраулар, сатылымдарды басқару, бұлттық құжат қоймасы, бизнес-процестерді автоматтандыру, оқиғалар күнтізбесі және бірыңғай платформада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа да құралдар кіреді.

Business Technology Expo коммерциялық әлеуеті артып келеді

Экспозиция мен келушілер санының өсуімен бірге Business Technology Expo-ның коммерциялық мүмкіндіктері де кеңеюде. Биыл көрмеге Қазақстанның 19 қаласы мен 13 елінен 4 081 маман келді (2023 жылмен салыстырғанда +20%). Келушілердің 73%-ы — компаниялардың бірінші басшылары, топ-менеджерлер және сатып алу шешіміне ықпал ететін немесе оны дербес қабылдайтын бизнес басшылары.

Көрме қатысушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері:

  • 20% экспоненттер 100 000 АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр;
  • 35% экспоненттер 10 000-нан 50 000 АҚШ долларына дейінгі сомада келісімшарттар жасамақ;
  • 70% экспоненттер келесі жылы көрмеге қайта қатысуды жоспарлап отыр.

Көрме келушілері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері:

  • 75% мамандар өз сапарының тиімділігін «жоғары» деп бағалады;
  • 80% маман жаңа серіктестер тауып, іскерлік байланыстар орнатты;
  • 50% маман көрмеге жаңа шешімдер табу және ұсынылған өнімдермен танысу мақсатында келді;
  • 25% — нарықтың ағымдағы жағдайы туралы жаңа білім мен ақпарат алу және іскерлік бағдарлама барысында кәсіби дағдыларын жетілдіру үшін келді;
  • 25% — жаңа бизнес-серіктестер табу және құнды іскерлік байланыстар орнату үшін келді.

Іскерлік бағдарлама

Көрмеде өнім түрлерінің әртүрлілігімен қатар, бизнес-қоғамдастық үшін маңызды тақырыптар талқыланатын кәсіби пікірталастар да маңызды бөлікке айналды. 80-ден астам қазақстандық және халықаралық спикерлер қатысты. Бағдарлама келесі іс-шараларды қамтыды:

BT Conference: Marketing and Sales

Маркетинг және сатылым саласындағы жетекші сарапшылар, кәсіпкерлер және салалық көшбасшылар сөз сөйлеп, табысты бизнеске жетелейтін стратегияларымен бөлісті. Негізгі тақырыптар:

  • X, Y, Z және Alpha буындарының құндылықтары мен талғамдарын зерттеу
  • Бизнестегі CJM қолдану
  • Сатылым психологиясы: клиентпен тиімді коммуникация негіздері
  • 2024 жылы перфоманс-маркетингпен қалай өмір сүру керек
  • Affiliate – тиімді маркетингтік арна
  • Брендингтің заманауи әлемдегі рөлі
  • Bitrix24 көмегімен тиімді сатылымдарды ұйымдастыру
  • Интеллектуалды қызметтер саласындағы командамен жұмыс істеу
  • SEO арқылы минималды бюджетпен 100 мың өтінім алу
  • Клиенттік лояльділік жүйесінсіз бизнес қауіп-қатерге тап бола ма?

Спикерлер:

Дарья Сибирцева, Екатерина Жамалиева, Александр Фефилов, Альбина Бунеску, Айнура Ашимова, Амир Тимурович Максутов, Кристина Булатова, Элеонора Асанова, Кристина Ризванова, Анастасия Муратова, Александра Рахманова, Сергей Тюрин, Дамира Аюпова, Тимур Дурмагамбетов, Алим Хасанов.

BT Conference: HRTECH, IT&CLOUD SOLUTIONS

Бұл конференция адам ресурстарын басқару саласында қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды талқылауға арналған бірегей платформа ұсынды. Негізгі тақырыптар:

  • Электрондық қолтаңбаның кез келген ақпараттық жүйеге интеграциясы
  • Заманауи бизнестегі корпоративтік ойындар
  • Бизнес-процестерді нейрожелі арқылы трансформациялау
  • Жасанды интеллект – инновация драйвері
  • IT жабдықтарды орналастыру алаңын таңдау
  • Бизнеске арналған AI қолдану: қарапайымнан күрделіге
  • Generative BI
  • Үйдегі деректер орталығында бұлттық қойма ұйымдастыру

Спикерлер:

Марина Любивая, Егор Тарасов, Нина Мазур, Вадим Мазур, Виталий Николаев, Всеволод Демиш, Сейфул Уматов, Александр Шмаков

Ұйымдастырушылар және серіктестер

Көрме ұйымдастырушысы – Astana Expo. Компания жыл сайын машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, қауіпсіздік және ғимарат автоматизациясы, құрылыс және дизайн, гүл өсіру салаларында 10-нан астам халықаралық іс-шара өткізеді. Astana Expo – UFI Халықаралық көрме индустриясы қауымдастығының мүшесі.

Ресми серіктестер

  • Astana Marketing Club – конференция серіктесі
  • Курсив Медиа – бас ақпараттық серіктес

Ресми сайт – https://btexpo.kz/ru

Келесі көрме: 2025 жылғы 2-4 сәуір, МВЦ «EXPO».